Мәскеудегі тамақтану орындары QR-кодтың кесірінен кірістің 60%-інен қағылды

Мәскеудегі тамақтану орындары QR-кодтың кесірінен кірістің 60%-інен қағылды

Мәскеудегі дәмханалар мен мейрамханалар QR-код енгізілгеннен кейін кірістің 60%-інен қағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазғы алаңдары бар тамақтану орындары әзірге емін-еркін жұмыс істеп жатқанымен, мұндай  мүмкіндігі жоқ мейрамханалар қиын жағдайға тап болды. Сарапшылар олардың табысы 90%-ке дейін қысқаруы мүмкін деген болжам жасап отыр. Егер жағдай оңалмаса, күзге қарай мейрамханалардың 25%-і біржола жабылу алдында тұр. Мәскеу билігі мыңнан астам кәсіпкерге ғимарат жалдау ақысын кейін төлеуге мүмкіндік беруді қарастырмақшы.

Владимир Перельман, кәсіпкер:

- Билік тарапынан үлкен қолдау болады деп үміттенемін. Жазғы алаңдарда жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе дейміз. Егер бұлай болмаса, біз тығырыққа тіреліп, біржола құрдымға кетеміз.