Америка әскери әуе күштері Шиберган қаласына соққы жасады

Америка әскери әуе күштері Шиберган қаласына соққы жасады

Американың әскери әуе күштері Талибанның Шиберган қаласындағы бекіністеріне соққы жасады.

Бұл туралы Ауғанстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған ведомствоның мәліметі бойынша, одан жүзге жуық содыр көз жұмыпты. Сонымен қатар, ірі көлемдегі қару-жарақ жойылған. 

Айта кетейік, әуе соққысы жасалмай тұрып, бірнеше сағат бұрын тәліптер Шиберганды басып алған болатын.