Египетте кобра көлік жүргізушісі мен жолаушыларды шағып өлтірген

Египетте кобра көлік жүргізушісі мен жолаушыларды шағып өлтірген
arabnews.com

Египеттің солтүстігінде басқа қалаға жеткізу үшін қорапқа салынған кобра көліктегі төрт жолаушы мен жүргізушіні шағып өлтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Arab News мәліметінше, микроавтобус басшыларының бірі жүргізушіге жыланды Александрия қаласынан Кафр-эш-Шейхқа жеткізу туралы өтініш жасаған. Ол келісіп, қорапқа салынған жорғалаушыны көліктің жүксалғышына қоя салған.

Көп ұзамай көлікке тағы төрт адам – бір отбасының мүшелері отырған. Жолаушылардың кобра туралы хабары болған ба, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Жол бойында жылан орындықтардың астымен салонға кіріп, осылайша көліктегі бес адамды да шағып өлтірген.

Ал басқарусыз қалған микроавтобус бетон қорғанысқа соғылған. Қашпақ болған жыланды куәгерлер ұстап алған.