Нидерландта зағип жандарға арналған көрме ашылды

Нидерландта зағип жандарға арналған көрме ашылды

Нидерландтың Утрехт қаласындағы орталық музейде ерекше көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Соқыр нүкте» деп аталған жоба зағип жандарға арналған. Яғни, көрмеге қойылған картиналарды қолмен сипап, сезуге болады. Тіпті картинадағы кей заттардың иісін иіскеп, білуге болады екен. Мысалы, 1613 жылғы Клас Ван Дейктің картинасы бойынша салынған натюрморттан ірімшіктің иісі шығады. Жалпы мұражайға екі сурет қана қойылған. Сондай ақ көрмені көзі көретін адамдар да тамашалай алады. Тек оларға көздерін жабу үшін шүберек беріледі.

Блиц 1:

- Бір жолы осындай көрмеге соқыр әйел келді. Біз оған адамдарға ұсынылған суреттегі тағамды түртіп, көруге көмектестік. Артынан ол бізге алғысын білдіріп, содан осындай шара ұйымдастыру идеясы туды.

Блиц 2:

- Бұл ­ бірегей тәжірибе. Нидерландта бұрын-соңды мұндай көрме болмаған. Ол адамдарда көзбен көріп түйсінуден бөлек, басқа да сезім тудырады.