Екпе салдырғандардың иммунитеті жайлы зерттеулер жарияланды

Екпе салдырғандардың иммунитеті жайлы зерттеулер жарияланды

Коронавируспен ауырып, індеттен жазылып шыққан соң «Файзер» немесе «Модерна» вакциналарын салдырған адамдарда осы дертке қарсы күшті иммунитет пайда болады. Бұл туралы Рокфеллер университеті ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасап Рейтер агенттігі хабарлады.

Зерттеу қорытындысы бойынш,  бұл топтағы адамдарда пайда болатын антиденелер өте икемді болып, коронавирустың 6 штамына оның ішінде бета мен дельтаға да қарсы  тұратынын көрсеткен. Ал Пенсильвания университетінің ғалымдары коронавирусты жұқтырмаған бірақ оған қарсы егілген адзаматтарда да осындай антидене қалыптасады деген пікірде.

Пол Бениас, Рокфеллер университетінің ғалымы:

– Бұл коронавирустан жазылып одан кейін осы дертке қарсы егілген адамдар үшін жақсы жаңалық. Біздің ойымызша бұл адамдар жұқпалы кеселге қарсы жақсы қорғалады деп санаймыз. Әзірге бұл тек зертханада алынған нәтиже. Бұны әлі де зерттеу қажет.

Гавана өз екпелерін тіркеуді көздеп отыр. Ал Куба билігі жергілікті ғалымдар шығарған үш вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында бекітуге ниетті. Себебі жергілікті билік олармен балаларды вакциналауды қолға алып жатыр. Жалпы аралды елде «Абдалла», «Соберана-2» және «Соберана Плюс» деп аталатын екпе дайындалып, шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген. Жергілікті билік олардың коронавирусқа қарсы тиімділігі 90 процентті құрайды деп отыр. Қазірге дейін Кубаның 37 ппроценті толық егілген.