Латвияда вакцина салдырғандарға арналған вагоны бар пойыздар шықты

Латвияда вакцина салдырғандарға арналған вагоны бар пойыздар шықты

Латвияда вакцина салдырғандарға арналған вагоны бар пойыздар жолға шықты.

Бұған сондай-ақ коронавируспен ауырғандар да кіргізіледі. Ішке жіберілмес бұрын жолаушылар екпе алғаны, ауырғаны немесе тесттің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс. Салонда бетпердесіз жүріп-тұруға болады. Сонымен бірге, басқа вагондардағыдай орын санына шектеу жоқ. Өзге вагондарда керісінше санитарлық талаптар күшейтіліп жатыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Латвияның ересек тұрғындарының 40 проценті ғана вакцинаның 2 дозасын салдырған.

Егилис Крутовс, теміржол компаниясының өкілі:

– Бұл вагон қауіпсіз болғандықтан еш шектеусіз, барлық орындарға билет сатылады. Жолаушылар тарапынан үнемі шағым түсіп жатады. Жағдайды бақылауда ұстау қиын. Бұл жолаушыларды алалау емес. Тек вакцина алғандар қайта ауырмас үшін қолайлы жағдай тудырамыз.