Эквадор түрмесіндегі атыстан 24 адам қаза тапты

Эквадор түрмесіндегі атыстан 24 адам қаза тапты
Stone Forest

Эквадордағы Гуаяс провинциясының түрмесінде қылмыстық топтардың мүшелері арасында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» gazeta.ru сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан 24 адам қаза тауып, 48-і жараланған.

Шілде айында Эквадор президенті Гильермо Лассо елдің түрме жүйесіне төтенше жағдай енгізді. Пенитенциарлық мекемелерде бірнеше оқиғада 100-ге жуық адам қайтыс болды. Сонымен қатар ақпан айында бір уақытта өткен елдің үш түрмесіндегі тәртіпсіздіктер кезінде 79 тұтқын ажал құшты.