Нижний Новгород қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Нижний Новгород қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды.

Салдарынан екі адам зардап шеккен. Анықталғандай, азаматтардың денелерінің басым бөлігін күйік шалған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бұдан бөлек аталған апатқа байланысты 100-ге жуық тұрғынның эвакуацияланғаны белгілі.