Кабулда мешіттегі жарылыстан 12 адам қаза тапты

Кабулда мешіттегі жарылыстан 12 адам қаза тапты
© AP Photo/Felipe Dana

Кабулда мешіт маңында болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, тағы 32 адам жараланды.

Ақпаратқа сәйкес, жарылыс болған кезде «Талибан» өкілі Забиулла Муджахидтің анасының жаназасын шығарып жатқан.

Ал AFP хабарлауынша, сол маңайдағы дүкен иесі жарылыс емес, кезекпен болған атыстың дыбыстарын естігенін айтты.

«Талибан» құрамынан сыртқы істер үшін жауапты Билал Карими жарылысты әзірге ешкім мойындамағанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

Аударған: Г.Абилова