Вашингтон шіркеуінде ковидтен көз жұмғандарды еске алу үшін 700 рет қоңырау соғылды

Вашингтон шіркеуінде ковидтен көз жұмғандарды еске алу үшін 700 рет қоңырау соғылды

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты. Осыған байланысты Вашингтондағы Ұлттық шіркеуде марқұмдардың құрметіне 700 рет қоңырау соғылды.

Ал Ресейде ковидтен қайтыс болғандар саны бойынша тағы да рекорд тіркелді. Өткен тәулікте 929 адам бақилық болған. Жалпы кейінгі күндері көрші елде вирус жұқтыру көрсеткіші артып барады. Қауіпті инфекция тәулік сайын кемі 25 мың адамнан анықталады. Мұндай жағдай вакциналау қарқынының төмендігімен байланысты, дейді ел премьер-министрі. Бүгінге дейін Ресейде халықтың үштен бірі ғана екпе салдырған.