Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Ресейде коронавирустың Эй Уай 4.2 ((AY.4.2)) деп аталатын жаңа түрі тіркелді.

Жаңа штамды жұқтырған науқастар қазірден анықталып жатыр. 

Ғалымдардың айтуынша,  бұл дельта штамының бір тармағы болып саналады.

«Дельтаға қарағанда жаңа штамм екі тікенімен ерекшеленеді», - дейді мамандар. Әзірше оның тарау жылдамдығы мен адам өміріне қаншалықты қауіпті екені анықталып жатыр.

Сарапшылар вирустың бұл түрі әлемнің көптеген елдерінде кездесуі мүмкін екенін де айтады. Жақында бұл инфекция Израиль мен Ұлыбританияда да анықталған еді.

Айта кетейік, Ресейде өткен айдан бері коронавирус жұқтырғандардың саны мен көз жұмған науқастардың қатары күрт артты. Өңірдегі эпидахуалды оңалту үшін жергілікті билік қазанның 30-ынан қарашаның 7-не дейін демалыс жариялады. Елде санитарлық шектеу шаралары күшейтілді. Ал Мәскеу қаласының 60-тан астам тұрғыны қыстың соңына дейін оқшаулануы міндетті.