Ауғанстанда әйелдер тағы да шеруге шықты

Ауғанстанда әйелдер тағы да шеруге шықты

Кабулда әйелдер тағы да наразылық шеруіне шықты.

Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер жұмыс істеу мен білім алу құқығын талап етті.

Айта кетейік, Талибан қозғалысының билік басына келгеніне 2 ай өтсе де, жоғары сыныпта оқитын қыздар әлі күнге дейін мектепке оралмаған.

Ал ел үкіметіндегі басқарушы қызметтерде бірде-бір әйел жоқ.