Италияға ағаш қайықпен жеткен мигранттар құтқарылды

Италияға ағаш қайықпен жеткен мигранттар құтқарылды

Қолайсыз ауа райына қарамастан Италияға Жерорта теңізі арқылы және Түркия жақтан ағылған мигранттар нөпірі толастар емес.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бір түннің ішінде 800-ге жуық босқын құтқарылды. Мигранттар жағаға ағаш қайықтармен жеткен. Арасында 165 бала бар. Олар: Ауғанстан, Сирия, Йемен, Палестина, Египет, Иран және Шри-Ланка азаматтары. Мигранттарды құтқару кемесі Германиядағы қайырымдылық ұйымына тиесілі. 

Николо Гаргаглиа, «Балалар құтқару» ұйымының өкілі:

– Ересек адамсыз өз бетінше келген балалар көбеюде. Олар Жерорта теңізі арқылы Италия мен Еуропаның басқа елдеріне жетуді көздейді. Бұл үрдіс әсіресе 2021 жылы артып отыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, осы сәтке дейін ата-анасы немесе қамқоршысы жоқ 7800 бала оңтүстік шекараға табан тіреді. Былтыр дәл осы кезеңде 4600 жеткіншек келген еді.