Таиландта коронавирус жұқтырған туристер анықталды

Таиландқа келген 15 туристен коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдіктер Таиландқа ұшып барған бойда ПТР-тест тапсырып, тексеруден өткен. 6 қарашадағы жағдай бойынша АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және өзге елдерден 20 мың турист бар. Ол елге демалуға барған шетелдіктер алдымен вакциналау құжатымен бірге теріс нәтижелі ПТР-тест тапсыруы тиіс. Ал екпе алмағандары 10 күнге дейінгі карантинге жатқызылады.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Корольдік саяхатшыларға шекарасын ашқан еді. Бұған дейін 18 ай бойы эпидахуалға байланысты туристерді қабылдамады. Жылына 40 млн турист қабылдап, туризмді негізгі табыс көзіне айналдырған Таиландтың экономикасы, локдаунның салдарынан дағдарысқа ұшырады.