Рождестволық тәттілердің жеткізілуі қиындады  

Рождестволық тәттілердің жеткізілуі қиындады  

Еуропалық өндірушілер шоколодтан жасалған рождестволық мүсіндерді дер кезінде жеткізе алмай қаламыз ба деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Өйткені бұл тәттіге қажетті шикізат – какао, қант, соя мен құрғақ сүт тапшы. Оның үстіне каптама мен тасымал құны артқан. Сондықтан кәсіпкерлер шығынға батуымыз мүмкін дейді. Тәтті мүсіндер Рождество мен жаңа жылға дейін жеткізіліп үлгермесе, мерекелерден кейін олар керек болмай қалуы мүмкін.