Канадада мектеп оқушысы мұғалімін жарақаттады

Канадада мектеп оқушысы мұғалімін жарақаттады
Nachedeu

Канаданың Квебек провинциясындағы мектепте оқушы мұғаліміне өткір затпен шабуыл жасап, жазым еткен, деп хабарлайды Хабар 24 ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Монреаль полициясы белгісіз үшкір затпен мұғалімін жарақаттаған оқушыны анықтады.

Оқиға сабақ үстінде болған. Жарақат алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал 16 жастағы мектеп оқушысын полицияның арнайы жасағы оқу орнынан алыс емес жерде ұстаған. Онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Шабуылдың себептері анықталуда. Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.