Бразилияда су тасқынына байланысты 50 қалада ТЖ енгізілді

Бразилияда су тасқынына байланысты 50 қалада ТЖ енгізілді

Бразилияда су тасқынынан екі штатта орналасқан 50 қалада төтенше жағдай режимі енгізілді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша табиғаттың тосын мінезінен 7 адам мерт болған. Тағы 175 тұрғын түрлі жарақат алды. Апаттан 2 мыңға жуық адам баспанасынан айырылды. Алапат тасқыннан бірнеше көпір қирап қалған. Ел президенті Жаир Болсонару зардап шеккен аудандарға қазынадан қаржы бөлінетінін хабарлады. Қазір қауіпті аймақтарда эвакуация жұмыстары жалғасып жатыр.