Мадагаскарда кеме апатынан көз жұмғандар саны 64-ке жетті

Мадагаскарда кеме апатынан көз жұмғандар саны 64-ке жетті
iMag.one

Мадагаскар жағалауында жүк кемесінің апат болуынан қаза тапқандар саны 64-ке жетті.

Бұл туралы сәрсенбі күні Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, тағы 24 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Дүйсенбі күні Agence France-Presse 17 адамның көз жұмып, тағы 60 адамның жоғалғанын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Мадагаскарда тікұшақ апатынан кейін төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткенін жазғанбыз.