Оңтүстік Кореяда экс-президентке рақымшылық жасалды

Оңтүстік Кореяда экс-президентке рақымшылық жасалды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 22 жылға сотталған Пак Кын Хеге рақымшылық жасалды.

Ол пара алған, мемлекеттік құпияны жариялаған, бопсалаған және қызметін асыра пайдаланды деп түрмеге қамалған еді. Енді денсаулығының нашарлауына байланысты босатылмақ. Ол биыл иығы мен омыртқасында пайда болған ауруларға байланысты 3 рет ауруханаға түсіп, 1 рет операция жасатқан. 69 жастағы Пак Кын Хе түрмеде 4 жыл 9 ай отырды.

Айта кетейік, экс-президент 2013 пен 2017 жылдар аралығында ел басқарған.

Пак Бом-Ке, Оңтүстік Кореяның әділет министрі:

– Үкімет арнайы рақымшылық жасалған 3094 адамды 2021 жылдың 31 желтоқсанында түрмеден босатады. Олардың арасында шағын және орта бизнес иелері, сайлау заңын бұзғандар, жасанды түсік жасатқандар және әлеуметтік қылмысқа барғандар бар. Бұл тізімге қайғылы өткен шақ пен «Ковид-19» дағдарысын еңсеру, халық бірлігін нығайту және болашаққа жаңа қадам жасауға мүмкіндік беру үшін экс-президент Пак Кын Хе мен бұрынғы премьер-министр Хан Мён Сукты да қостық.