Түркиялық бойжеткен бетіне қышқыл шашып, күйдірген жігітке тұрмысқа шықты

Түркиялық бойжеткен бетіне қышқыл шашып, күйдірген жігітке тұрмысқа шықты
Germania.one

Бетін қышқылмен күйдірген жігітті кешіріп әрі оған тұрмысқа шыққан 22 жастағы бойжеткеннің қылығына туыстар түсінбей әлек, деп хабарлайды Хабар 24. Germania.one сайтына сілтеме жасап.

Түркиядағы бұл тосын жайтқа 2019 жылғы оқиға себеп боп отыр. Искендерун қаласының тұрғыны Казим Озан Селтик өзін тастап кеткен сүйіктісі Берфин Өзектен кек алып, өзіне бұйырмаған бойжеткенге өзге ешкім көз салмасын деп бетіне қышқыл шашқан.  Алайда осы жағдайдан кейін айыпты сотталды. Сот оны 13,5 жылға бас бостандығынан айырды.  Ал көрікті бойжеткен беті күйіп, бір көзі көрмей қалған.
Тұтқындалып, темір торға тоғытылған жігіт, бұрынғы сүйіктісіне хат жазып, кешірім сұрап, түмеден шыққан соң үйленетінін айтқан. Ал қыз өзін құбыжыққа айналдырған қылмыскерді кешіріп, оған келісім берген.