Бакуде жарылыс болды

Бакуде жарылыс болды
5-tv.ru

Әзербайжан астанасы Бакуде орналасқан Flame Towers қонақ үйінде болған жарылыстан екі адам зардап шекті.

«Flame Towers қонақ үйінің маңында жарылыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды. Оған газдың таралуы себеп», – делінген мәліметте.

Жарылыстан бірнеше көлікке зақым келген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр.