Тонгадағы жанартаудың атқылауынан 3 адам опат болды

Тонгадағы жанартаудың атқылауынан 3 адам опат болды

Тынық мұхитындағы жанартаудың атқылауынан Тонгада 3 адам опат болып, көп тұрғын жапа шеккен.

Аралды елді күл басқан. Билік ауыз су жетіспей жатқандығын айтады. Мемлекетпен халықаралық телефон байланысы кеше кешкісін жартылай қалпына келген. Бірақ ғаламтор әлі жұмыс істемейді. Мұхит түбіндегі байланыс желісін жөндеу жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, өткен сенбі күні Тынық мұхитындағы Тонга еліне жақын жатқан Хунга-Хаапай жанартауы атқылап, алып толқындар пайда болды. Салдарынан аралды елмен бірнеше күн байланыс болмай қалған еді. Жалпы 107 аралда орналасқан корольдіктің халық саны 100 мыңнан асады.