Мұнайдың төгілуі экологиялық апатқа соқтырды  

Перуде экологиялық апат орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аймақта тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Оған арнайы мамандар мен еріктілер тартылған. Белгілі болғандай қара алтын 18 мың шаршы шақырымға жайылды. Салдарынан мыңдаған балық пен аң, құс қырылып жатыр. Қазір демалуға арналған ондаған  жағажай жабық .  Ел президенті апатқа қатысты қоршаған ортаны қорғау үшін арнайы комимет құрды. Ал, БҰҰ Перуге қол ұшын созып аймаққа білікті сарапшыларды жібермек ниетте.

Педро Кастильо, Перу президенті:

 – Біз өте қиын жағдайға тап болдық. Экожүйеге үлкен қауіп төніп тұр. Мұнайдың төгілуінен ең көп біздің өңір зардап шеккен. Бұл сұмдық экологиялық апатқа айналды. Жүздеген балықшының отбасы нәпақасынан айырылып отыр.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Ла-Пампильедегі мұнай тиелген кемеден 6 мыңнан астам баррель қара алтын төгілген. Алдын ала болжам бойынша, апатқа Тонгада атқылаған жанартау түрткі болды. Нақты себепті анықтау үшін тергеу ісі жалғасып жатыр. Ақпарат көздері апатқа мұнай төгілген компанияның қатысы бар болса, оған 34 млн доллар айыппұл салынуы мүмкін екенін хабарлайды.