iPhone 13-тен ақау табылды

iPhone 13 смартфонында ақау табылды. Әлем бойынша көптеген пайдаланушы - смартфон экранының кенеттен қызғылт түске боялатынына шағымданды.

Бұл туралы қытайлық басылым хабарлады. Сондай-ақ тұтынушылар бұл мәселені бағдарламаны қайта жүктеу немесе телефонды сөндіріп қайта қосумен түзету мүмкін емес, - дейді iPhone 13 Pro Max иелерінің бірі.

Бұл мәселе туралы алғаш рет 2021 жылдың күзінде айтыла бастаған.

Қытайдан келген кейбір Apple қолданушыларының айтуынша, компания мамандары бұл мәселенің аппараттық емес екенін байқап, гаджетті қалпына келтіруге және қайта орнатуға кеңес берді. Бұл ретте Apple сервистік орталыққа жүгініп, смартфонды ауыстыруды ұсынды.