Бейжіңдегі медиаорталықта Олимпиадаға барған тілшілерге робот қызмет көрсетеді

Бейжіңдегі медиаорталықта қысқы Олимпиада ойындарына келген тілшілер үшін құлтемірлер қызмет етеді.

Асханада кез келген асты роботтар дайындап, кейін өздері жеткізіп береді. Қызметтің бұл түрі аймақта коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қолға алынған. Ұйымдастырушылардың жоғары дайындығы көпшілікті таңқалдырды.