Сирияда білім беру мекемесінің үштен екісі жұмыс істемейді

Сирияда білім беру мекемесінің үштен екісі жұмыс істемейді

Сирияның Идлиб провинциясында балалардың 60 проценті мектепке бармайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені білім беру мекемелерінің үштен екісі жұмыс істемейді. Өңірді содырлар билеп тұр. Сондықтан мектептерді қаржыландыру жағы қиындау. Мұғалімдер де жалақысын уақытылы алмайды. Халықтың да күн көрісі қиын. Ал балалар мектепке барудың орнына ата-анасына көмектесіп, нәпақа тапқанды жөн көреді.

Ибраһим, 13 жастағы тұрғын:

– Мен сабаққа бармаймын. Өйткені мектебім жабылып қалды. Қазір көлік жөндеумен айналысамын. Жұмысым қиындау. Өскенде механик болып, өзімнің шеберханамды ашуды армандаймын.