АҚШ-та ақтүтек боран соғып тұр

АҚШ-та ақтүтек боран соғып тұр

АҚШ-тың бірнеше штатында ақтүтек боран басылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүздеген әуе рейсі кейінге қалды. Мектептер жабылды. Оклахома, Канзас, Миссури, Иллинойс, Индиана мен Мичиганда қар аралас жауын жауып, жолдар айнадай мұзға айналды. Сол себепті көліктер қозғала алмай жол бойында тұр. Өрт сөндірушілер мен әскерилер қар құрсауында қалғандарды құтқару жұмыстарына тартылды. Коммуналдық қызмет те үздіксіз жұмыс істеп жатыр.