Ресейдің паралимпиада құрамасы жарысқа мүлде жіберілмей, еліне қайтарылды

Ресейдің паралимпиада құрамасы жарысқа мүлде жіберілмей, еліне қайтарылды

Ресей спортшыларына шектеу күшейді.

Бұған дейін футбол, бокс, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстардан шеттетіп, аталған елдерде бәсеке өткізбейтінін мәлімдеген еді. Енді бұл жолы халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь спортшыларын бастапқыда  бейтарап статуста қатыстырып, жалпы медальдық есепке қоспайтынын жеткізді. Кейін Ресей спортшыларын мүлде жарысқа жібермей, еліне кері қайтарды. Енді халықаралық ұйым бас ассамблеяның кезектен тыс жинын өткізіп, Ресей мен Беларусь федерацияларын мүшеліктен шығару мәселесін талқыламақ. Бұған қоса халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь елдерінде ешқандай шара ұйымдастырмайды.