Тайвань аралына тиесілі кеме АҚШ-та қайраңға кептеліп қалды

Тайвань аралына тиесілі кеме АҚШ-та қайраңға кептеліп қалды

Тайваньдық Evergreen Marine Corporation компаниясына тиесілі Эвэ Форуард ((Ever Forward)) контейнерлік кемесі АҚШ-тың шығыс жағалауында қайраңға тіреліп қалды.

Бұл туралы Тайвань орталық ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, 334 метрлік жүк кемесі қазір Гибсон аралы маңындағы Чесапик шығанағында тұр. Кеменің жай-күйін тексеру үшін оқиға орнына сүңгуірлер тартылмақ. Әзірге суға жанармай төгілу дерегі тіркелмеген. Evergreen Marine Corporation компаниясы былтыр Суэц каналында қайраңға тұрып қалған Ever Given кемесіне де иелік етеді. Сол кезде Египет пен өзге елдердің экономикасына миллиардтаған доллар шығын келтірілген еді.