Тонга архипелагының жағалауында күшті жер сілкінісі болды

Тонга архипелагының жағалауында күшті жер сілкінісі болды
Хабар 24

Жерасты дүмпулерінің күші 5,9 баллды құрады, деп хабарлайды «Хабар 24». ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Тынық мұхитындағы Тонга корольдігінің жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы сенбі күні Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан мәлім болған.

Мәліметке сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы шамамен 22 мың адам тұратын Нукуалофадан оңтүстікке қарай 489 шақырым қашықтықта болған. Қайнар көзі 60 км тереңдікте жатыр.

Цунами қаупі, қираулар мен құрбандар туралы ақпарат әлі түскен жоқ.