Тунисте екі пойыз соқтығысып, 95 адам жараланды

Тунисте екі пойыз соқтығысып, 95 адам жараланды

Тунис астанасының оңтүстігінде екі жолаушы пойызы соқтығысып, апат салдарынан 95 адам жараланды.

Тунис құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккендер жеңіл жарақаттар алған.

Тунис азаматтық қорғанысы апатқа ұшыраған пойыздың бірінің жолаушылар тасымалдағанын, ал екіншісінің бос болғанын хабарлады.

Қазір зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілген.