Қытайда ұшақтың «қара жәшігі» табылды

Қытайда ұшақтың «қара жәшігі» табылды

Қытайда апатқа ұшыраған «Боингке»тиесілі қос «қара жәшіктің» біреуі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті авиация саласының мамандары мәлім етті. Қара жәшік қатты зақымданған. Енді екіншісі іздестіріліп жатыр. Әзірге әуе кемесінде болған адамдардың денесі табылған жоқ. Тек олардың құжаттары мен киімдерінің қалдықтары ғана анықталды. 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі отырған лайнер 21 наурызда құлаған болатын. Ұшақ сынықтарын құтқарушылар Тэнсянь уезіндегі таулы аймақтан тапқан.

Бұған дейін апат болған аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны жазылған еді. 

Ұшақ апаты аймағынан бірде-бір адамның мәйіті табылмағаны да жазылды.