Пандемия аяқталуы үшін халық толық егілуі керек – ДДСҰ

Пандемия аяқталуы үшін халық толық егілуі керек – ДДСҰ

Әлем халқының үштен бір бөлігі әлі де коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы айтты. Оның айтуынша, барлық елде екпе егу науқаны бір ізге қойылмайынша індеттің таралу қаупі жоғары деңгейде қала бермек. Осылайша халықаралық ұйым биыл әлем халқының 70 процентіне вакцина салдыруды жоспарлап отыр. Басымдық медицина қызметкерлері мен қарттарға берілетін болады. Мамандардың айтуынша, қазір індет Азия мен Еуропа елдерінде өршіп тұр. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

- Барлығымыз пандемияның аяқталғанын қалаймыз. Вакциналау шарасы толық қамтылмаса, діттеген мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес. Тіпті ауру өршіп, жаңа штамдардың пайда болуы ықтимал.