Перуде шерушілермен қақтығыста 25 адам жараланды

Перуде шерушілермен қақтығыста 25 адам жараланды

Перудің Лима қаласында өткен наразылық акция тәртіпсіздікке ұласты.

Ақпарат көздері 25 полиция қызметкерінің зардап шеккенін хабарлайды. Ашуға булыққан халық жанар-жағармайдың қымбаттауына наразы. Көшеге шыққан жұрт президент пен парламент отырысы өтіп жатқан Конгресс ғимаратына баса көктеп кірмекші болды.

Айта кетейік, соңғы екі апта аралығындағы ереуілдерден 4 адам қаза тапты.