Мексикада миграциялық дағдарыс ушығып барады

Мексикада миграциялық дағдарыс ушығып барады

Аймаққа өзге елден ағылған кірмелердің нөпірі күн өткен сайын артуда.

Жуырда Орталық Америка мен Гаитиден келген екі мыңнан астам мигрант Мексиканың Рейнос қаласына орналастырылды. Елдің миграция бойынша ұлттық институты мен Ұлттық гвардиясы келімсектерге уақытша лагерь құрып берді. Әзірге муниципалитет билігі оларды қажетті заттармен қамтамасыз етуде.

Айта кетейік, мигранттар сәуірдің 23-інен бері АҚШ билігінен ас-су, киім-кешек пен медициналық көмек және уақытша баспана сұрап отыр.