Харьковті қалпына келтіру жұмыстары басталды

Ресей әскері Харьковтан шегінгеннен кейін шаһарды қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Аймақ басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, атыс-шабыстың салдарынан тұрғын үйлердің 30 проценті жермен жексен болған.

Қазір инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін өңірге құрылысшылар мен арнайы техника тартылды. Мамандар апатты ғимараттарды жөндеуге кірісті. Қала мэрі жаңа құрылысты бастағанда барлық мектептер мен балабақшаларда, тұрғын үйлерде міндетті түрде бомбадан қорғанатын арнайы жертөле салынатынын ескертті.