В.Путин: Ресейді жоғары технологиядан ажырату мүмкін емес

В.Путин: Ресейді жоғары технологиядан ажырату мүмкін емес

Бұл туралы Кремль басшысы Владимир Путин Еуразиялық экономикалық форумға қатысқан бейнебайланыста айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ол Еуропа елдері Ресейге санкция салу арқылы тек өздеріне зиян келтіреді деп мәлімдеді.

Владимир Путин, РФ президенті:

– Әрине, біз дамыған елдердегі жоғары технологиялардың артықшылығын бір кісідей білеміз. Бізді ол жақтан тықсырғысы келеді. Бірақ қазіргі әлемде бұл мүмкін емес. Еуропалық серіктестеріміздің көбі Ресейден кететінін жариялады. Бұл бір жағынан жақсы болды. Себебі олардан босаған нарық өзімізге бұйырады. Бизнесіміз қарыштап, өндірісіміз өркендейді.