Солтүстік Кореяда дертке шалдыққандар саны 100 мыңға артты

Солтүстік Кореяда дертке шалдыққандар саны 100 мыңға артты

Солтүстік Кореяда соңғы бір тәулікте белгісіз безгек ауруы тағы 100 мыңнан аса адамнан анықталды. Бір науқас көз жұмды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, індеттің алғашқы үш күнінде осыншама адам дертті жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Кореяда белгісіз безгектің шыққаны жайлы алғаш рет сәуір айының ортасында хабарланған болатын. Шетелдік сарапшылар оны коронавирус деп пайымдап отыр. Жалпы қазірге дейін бұл дертті жұқтырғандар саны 3,5 млн-нан асқан. Оңтүстік Корея басылымдары Пхеньян шектеулерді жеңілдете бастағанын айтады.