Болгария мұнай эмбаргосына уақытша қосылмауды сұрады

Болгария мұнай эмбаргосына уақытша қосылмауды сұрады

Еуроодақ ресейлік мұнайды импорттауды тоқтату жағын қарастырып жатқанда, Болгария билігі энергетикалық шикізатты өзге елдерден алу үшін 2 жыл уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өтінімді Брюссель жуырда қарастырады деп күтілуде. Тиісті құжатпен одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері танысып үлгерген. Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін ел премьер-министрі Кирил Петков Болгария алдағы жылда Грекиялық мұнай тасымалын ретке келтіруге ниетті екенін айтқан болатын.