Парижде электронды сауданың қоршаған ортаға зиянын азайту жолы табылды

Парижде электронды сауданың қоршаған ортаға зиянын азайту жолы табылды

Парижде электронды сауданың қоршаған ортаға зиянын азайтудың жолын ойлап тапты.

Ірі қалаларда көмірқышқыл газының төрттен бір бөлігі үйге жеткізілетін хабарлама мен тауарларды жеткізуден тарайды. Пандемиядан кейін тамақ пен тауарларды үйге жеткізу кеңінен қолданыла бастады. 2 миллиондай тұрғыны бар Парижде күн сайын 500 мыңдай жолдама жеткізіледі. Осыған байланысты қала билігі соңғы шақырым стратегиясын ойлап тапты. Қала көшелерінде ағаштан шағын қоймалар қойылды. Жүк көліктері тауарды осы жерге жеткізеді. Содан кейін тапсырыстар тұтынушыларға келосипедпен таратылады. Жобаның ерекшелігі ауаны ластау азайып, көшелерде көлік кептелісі мен шу төмендейді. Билік мұндай қоймаларды жерасты тұрақтарында ашуға да ниетті.

Давид Белльяр, Париж қаласы мэрінің орынбасары:

- Таза шақырым логистикасы тауарды велосипедпен жеткізуге негізделген. Бұл үшін жүк велосипедтеріне арналған тұрақтар ашылады. Тауарды түнгі уақытта тасымалдауды зерттеу жобаның тиімділігін көрсетті. Енді біз оны жан-жақты енгізуді көздеп отырмыз. Жерасты тұрақтарында шағын қоймаларды да ашу жоспарда бар.