Нигерияда 879 сотталушы түрмеден қашып кетті

Нигерияда 879 сотталушы түрмеден қашып кетті

Нигерияда қарулы топ түрмеге шабуыл жасап, салдарынан 900-ге жуық сотталушы қашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға ел астанасында болған. Қаскөйлер түнде абақты аумағында атыс ашып, жарылыс ұйымдастырған. Жазасын өтеушілер бұл жағдайды пайдаланып сытылып шыққан. Алайда көп ұзамай полицейлер біразын қолға түсірді. Енді бір тобы өз еркімен берілген. Десе де әлі шамамен 450-ге жуық сотталушының қайда екені белгісіз болып отыр. Билік бұл «Боко Харам» содырларының ісі екенін айтады. Абақтыда осы топтың 70-ке жуық мүшесі жазасын өтеп жатқан. Шабуыл кезінде олардың барлығының қашып кеткені белгілі болды.