Қытайда депозит шоттары бұғатталды

Қытайда депозит шоттары бұғатталды

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында банктегі депозит шоттарды бұғаттауға қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда соңғы қақтығысқа ұласып, бірнеше адам жарақат алды. Миллиондаған доллар сақталған шоттарды жауып тастау сәуір айында жүргізілген еді. Сол кезде мұндай шара банктердің ішкі жүйесі модернизацияланып жатқандықтан қабылданғаны айтылған.

Бірақ салымшылардың сөзінше, әлі күнге дейін бірде-бір хабарлама келмеген.