Хорватия еуроаймаққа кіреді

Хорватия еуроаймаққа кіреді

Хорватия келер жылдан бастап еуроаймаққа қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда еуропалық одақ мемлекеттерінің экономика министрлері тиісті шешім қабылдады. Осылайша Хорватия еуроны қолданатын 20-сыншы мемлекет атанды. Маусымның басында Еурокомиссия Хорватияның барлық талаптарға сай келетінін жариялаған еді.

Айта кетейін, Еуроодақ құрамына өтіп, бірақ еуро ақшасын қабылдамаған елдер кемі 2 жыл И Эр Эм -ге ((ERM II)) қатысуы тиіс. Бұл – еуроаймаққа кіргенге дейін әр елдің ұлттық валютасының тұрақтылығын сақтайтын механизм.