Италияда президент премьердің отставкасын қабылдамады

Италия президенті Серджо Маттарелла премьер-министр Марио Драгидің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады.

Драги өзінің бұл шешіміне үкіметтегі саяси тұрақсыздық түрткі болды дейді. Таяуда Президент Квириналь сарайында Марио Драгиді қабылдап, Республикалық Сенат отырысының қорытындысын талқылап, оның қызметінен кетуіне қарсылығын білдірді.

Айта кетейік, жақында үкіметтің жоғарғы палата отырысында энергетикалық пакет жобасына сенім білдіру вотумы өтті. Онда «Бес жұлдыз» партиясы құжатқа дауыс беруден бас тарқан еді. Дауыс беру барысында аталған фракцияның 61 мүшесі палатадан шығып кетті. Ал қалған 211 сенаттың 172 келісімін берсе, 39-ы қарсы шықты.