Hyundai зауытында балалар жұмыс істеген

Hyundai зауытында балалар жұмыс істеген

Хендай компаниясының АҚШ-тағы кәсіпорнында балалар еңбегін пайдалану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Алабама штатындағы зауытта 12 жастағы мигранттар жұмыс істеген. Ақша табамын деген жеткіншектер мектепке бармаған. Бұл іске қатысты тергеумен Бас прокуратура айналысып жатыр. Хендай өкілдері бала еңбегін қанауға қарсы екендерін жария етті. Ал Алабамадағы зауыт басшылығы әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін бұл кәсіпорынға талай мәрте айыппұл салынған екен.