Марадонамен байланысты естелік заттар ғарышқа ұшырылады

Марадонамен байланысты естелік заттар ғарышқа ұшырылады

Аты аңызға айналған Диего Марадонаның құрметіне аспанға жерсерік ұшырылады.

Футболшының лақап атымен «Ғарыш батпырауығы» деп аталатын құрылғыда бірнеше спорт аяқ киімі мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер жазып жіберген мыңдаған бейне- және аудиотаспа сақталады. Ұйымдастырушылар жазба санын 1 миллионға жеткізуді көздеп отыр. Айрықша жобаға "Give and Get" технологиялық компаниясы мұрындық болған. Жерсерігіндегі бейне- және аудиожазбаларды онлайн көруге болады. Даңқты ала доп шебері 2020 жылдың қарашасында жүрек талмасынан қайтыс болған еді.

Энрике Тринкадо, жанкүйер:

- Әлемнің кез келген адамы доп, футбол туралы ойласа, бірінші кезекте Диегоның есімі есіне түседі. Аргентина жасыл алаңның үздігі болуға міндетті. Өйткені біз футболды ұлы ойынға айналдыра білген біз Диегоның отандасымыз.