ЕО маймыл шешегіне қарсы вакцинаны мақұлдады

ЕО маймыл шешегіне қарсы вакцинаны мақұлдады

Еуропалық Одақ маймыл шешегіне қарсы вакцинаны мақұлдады.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Екпені енді Данияның фармацевтикалық компаниясы нарыққа шығара алады. Bavarian Nordic әзірлеген вакцина Имванекс (Imvanex) деп аталады.

Еске сала кетсек, өткен сәрсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Бүгінде вирус әлемнің 75 елінде анықталып, аурудың 16 мың дерегі тіркелген. Ұйымның соңғы дерегі бойынша Африкада маймыл шешегінен 5 адам көз жұмған.