Ресей Украинаның Чугуев қаласын зымыранмен атқылады

Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарт құралдарының хабарлауынша, қалаға оншақты зымыран ұшырылып, бір мектеп, бірнеше жер үй, бір ауданның жылу жүйесі және мәдениет үйі талқандалған. Шабуыл кезінде мектеп пен мәдениет үйінде бейбіт тұрғындар болған. Олардың бірінен 3 адам аман есен құтқарылған. Үйінділер астынан адамдарды іздестіру жалғасып жатыр.