Ким Чен Ын тағы сес көрсетті – Солтүстік Корея

Солтүстік Корея кез келген уақытта өзінің ядролық күштерін жұмылдырып, АҚШ-тың шабуылына тойтарыс беруге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәлімдемені осы елдің басшысы Ким Чен Ын жасады. Ол мұны 1953 жылы қос Корея арасындағы соғысты тоқтатқан бітім күнін атап өту шарасында айтты. Бұған соңғы уақытта Пхеньянның қос елмен қарым-қатынасының қайта күрделенуі себеп болса керек. Өйткені Оңтүстік Корея мен АҚШ Пхеньян қайтадан ядролық қаруды сынауға дайындалып жатыр деп меңзеген еді.