Ресейдің «Газпром» компаниясы Латвияға газ тасымалдауды тоқтатты

Ресейдің «Газпром» компаниясы Латвияға газ тасымалдауды тоқтатты

Бірлестіктің мәлімдеуінше, бұған Латвия тарапының газды іріктеу талабын бұзуы себеп. Өйткені латвиялық компания көгілдір отынды «Газпромнан» емес делдалдан сатып алатынын мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы айда Латвия парламенті энергетикаға қатысты заңға өзгертулер енгізген. Жаңа заңға сай келесі жылдан бастап Ресейден газ тасымалдауға тыйым салынады. Ал ресми дерекке сүйенсек, былтыр Латвия көгілдір отынның 90 пайызын Ресейден сатып алған болатын.